Ақмола облысында 2 айлық сәбиден коронавирус анықталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында 2 айлық сәбиден коронавирус анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, вирус жұқтырғандар 56-23 жастағылар арасында 4 ер адам және 68-22 жастағылар арасында 17 әйел. Сондай-ақ, коронавирус 2020 жылдың сәуірінде туылған қызда анықталды.

«22 жұқтырылғандардың тек 8-і бұрын жұқтырғандармен байланыста болған тізімдері бойынша өтті. 12 адам медициналық мекемелерге барып, өздігінен жүгінгендер ретінде тіркелген. Екеуінде COVID-19 скрининг жүргізу арқылы анықталды», - дейді ведомстводан.

Ведомстводан атап өткендей, науқастарға бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес медициналық көмек көрсетіледі. Үй ошағында эпидемияға қарсы дезинфекциялау, сондай-ақ, науқастармен байланысты болған адамдары анықтау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізіледі.

Айта кетсек, Ақмола облысында бір тәуліктің ішінде 22 адамнан коронавирус анықталды. Оның 6-уы Көкшетау қаласында, осы ретте 2-еуі елорданың тұрғындары болып табылады.