ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, қайғылы оқиғалардың бірі 29 маусым күні Зеренді ауданының Приречное ауылында болған. Шағалалы өзеніне шомылуға барған 8 жасар жасөспірім суға батып кеткен. Сүңгуірлер оның денесін бір тәуліктен кейін тапты.
«Екінші жағдай 30 маусым кешкі сағат 20:15 шамасында Атбасар ауданының Мариновка ауылында болды. Мұнда 2014 жылғы ер бала қалдық суға арналған құдыққа құлап, тұншығып қалған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», - деп түсіндірді Руслан Иманқұлов.