Ведомствоның мәліметінше, науқастар тәртіп сақшылары мен үкіметтік емес ұйымдар жүргізген рейд кезінде анықталған. Бұл туралы коронавирус инфекциясы және туберкулез сияқты жұқпалы ауруларды алдын алу мәселелері талқыланған онлайн видеоконференция барысында айтылды.
Осы ретте, Ақмола облысының ПД бастығы, полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин және департаменттің консультативті-кеңес органының мүшелері тарапынан полиция қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын сақтау және нығайтуда көңіл бөлінуде.
Шара барысында «ҚР Қызыл жарты ай қоғамы» облыстық филиалы және Туберкулезді алдын алу бойынша «Игілік» қоғамдық қоры» үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері полиция қызметкерлеріне коронавирус инфекциясы және туберкулез сияқты жұқпалы аурулардан қала қорғану керектігін түсіндірді. Өйткені, бүгінгі тәртіп сақшылары медицина қызметкерлері сияқты жұқпалы індетпен күресуде алдыңғы шепте жүр.
«Туберкулезді алдын алу бойынша «Игілік» қоғамдық қоры» үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен полиция қызметкерлері бірлесіп, тұрақты мекен-жайы жоқ тұлғалар арасында туберкулезбен ауыратындарын анықтау бойынша тұрақты түрде рейдтер ұйымдастырып тұрады. Жыл басынан бері осындай 150 рейд ұйымдастырылып, соның нәтижесінде тұрақты мекен-жайы жоқ екі адамның туберкулездің ашық түрімен ауыратыны анықталды. Науқастар Қ.Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылды», - дейді ведомстводан.