Ведомствоның мәліметі бойынша, оқиға сәуірдің 18-де кешкі сағат 19:04 кезінде Жарқайың ауданының Державинск қаласында болды.
«Жекеменшік үйдегі жертөледен картоп алып шықпақ болған төрт адамның 3-уі улы газдан көз жұмды. Оның ішінде 2002 жылғы бала аураханада есін жимастан жантәсілім еткен. Зардап шеккендердің барлығы Тәжікстан Республикасының азаматтары.
Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты сот - медициналық сараптама тағайындалып, материалдар Жарқайың аудандық ІБ жолданды. Алдын ала мәліметтер бойынша азаматтар анықталмаған газдан уланған», деп түсіндірді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.