Ақмола облысында 378 мың сайлаушы дауыс берді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында соңғы мәлімет бойынша 378 206 сайлаушы дауыс берген. Бұл туралы Ақмола облысының байқаушылар штабының жетекшісі Ерлан Зәкіриянов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыс бойынша 722 сайлау учаскесінде кешкі сағат 20:00 дейін тіркелген мәлімет бойынша барлығы 378 мың 206 адам дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Әсіресе, жастар тарапынан белсенділік байқалды», - деді журналистермен өткен брифингте Ақмола облысының байқаушылары штабының жетекшісі Ерлан Зәкіриянов.

Сонымен қатар, ол облыс аумағында Франция, Германия, Ресей және тағы бас елдерден барлығы 17 халықаралық байқаушы тіркелгенін атап өтті.

Халықаралық байқаушылар облыстың Ақкөл, Целиноград, Шортанды аудандарында және Степногор мен Көкшетау қалаларындағы сайлау учаскелерінде сайлау барысын бақылаған.