Департамент басшысы Айнагүл Мусинаның айтуынша, қалған блокпостар көрші облыстарға қатынайтын жолдардың бойында орналасқан. Сонымен қатар, Целиноград ауданында айнала орналасқан блокпостар әзірге жұмысын жалғастыруда.
«Облыс бойынша барлығы 38 блокпостың алтауы қалды», - дейді ведомство басшысы.
Сонымен қатар, департаменттен атап өткендей, апта ішінде коронавирус оқиғасы облыста 2 есе ұлғайып, 25 тест нәтижесі оң болып отыр.
Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша індет тарағаннан бері Ақмола облысында COVID-19 жалпы 126 ( 1) адамда расталды, 96 адам жазылып шықты және 4 адам қайтыс болған.