Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Еске сала кетсек, 2011 жылы қазанда Ерейментау ауданының Өлеңті ауылында 27 бас ірі қара қолды болған еді. Осының салдарынан мал иесіне 4 миллион теңгенің шығыны келді. Аталған ұрлыққа байланысты ҚР ҚК 175 бабының 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру шаралары барысында араға 4 жыл салып, күдікті 46 жастағы Павлодар облысының тұрғыны қолға түсті.
Тергеу амалдары барысында анықталғандай күдікті ұрланған малды Қарағанды қаласына апарып саудалаған.
Қазіргі кезде, күдікті қылмысын мойындап, уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылды.