Ақмола облысында 44 жастағы әйел су құбыры тартылып жатқан орға құлап кетті
10:15, 19 Қазан 2015
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 44 жастағы әйел су құбыры тартылып жатқан орға құлап, мертікті, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.
«Қазанның 18-і күні Бурабай ауданының Қотыркөл ауылында 1971 жылғы әйел абайсызда су құбыры тартылып жатқан орға құлап кетті. Құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 6 адам және 1 арнайы техника тартылды. Зардап шегушi «түрлі дене жарақаты және бас миының гипоксиясы» диганозымен аудандық ауруханаға жатқызылды», деп жазылған баспасөз хабарламасында.