КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 46 жастағы ер адам опырыла құлаған топырақтың астында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ТЖД қызметкерлеріне сілтеме жасап.
ТЖД қызметкерлерінің мәліметі бойынша, келеңсіз жағдай 9 қарашада Ерейментау ауданында орын алған.
«Торғай ауылында жер асты құбырын тартумен айналысып жатқан «Еңбекшілдер» ЖШС-нің 1970 жылғы жұмысшысы опырыла құлаған топырақтың астында қалған. Сол маңда жұмыс істеп жатқандар оның денесін дереу топырақтың астынан аршып алғанымен өміріне араша түсе алмады», деп көрсетілген хабарламада.
Қазіргі кезде ер адамның денесі мәйітханаға жіберіліп, сараптама тағайындалған.
Фото: astana.gov
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.