Полицейлердің дерегі бойынша ер адамның денесі 12 наурызда «Астана-Павлодар» тасжолының 171 шақырымында, яғни, Ерейментау қаласынан 20 шақырым жерде Renault жүк көлігінің кабинасынан табылған.
«Мəйітті тексеру кезінде жедел-жəрдем қызметінің фельдшері марқұмның денесінде ешқандай күш қолданудың белгілерін анықтамады. Мəйіт Степногор қаласына сот-медициналық сараптамаға жіберілді», деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнəр Пинчук.
Алдын ала мəлімет бойынша, 54 жастағы қостанайлық жүргізуші жүрек талмасынан көз жұмуы мүмкін.
Еске сала кетейік, Алматы қаласында Toyota Highlander жүргізушісі жүрек ауруынан жарық бағанына соғылып көз жұмған болатын.