Әскер қатары жастармен коронавирус инфекциясымен күресу үшін жергілікті әкімдіктерге қосымша күштерге қажет өңірлерде ғана толықты.
«Арнаулы жиынға шақыру науқаны кезінде басымдық еріктілерге, тұрақты немесе мүлдем жұмысы жоқтарға беріледі. Әскер қатарына жаңадан алынғандар басты міндеті коронавирус инфекциясының таралуын алдын алумен байланысты. Оның ішінде әскер қатарына алынған 32 жас блокпостарда жұмыс істесе, 23-і жергілікті полиция қызметімен бірге елді мекендерді патрулдеуге тартылады. Барлығы әскери қызметін тұрғылықты жері бойынша өткізеді. Сондықтан, олардың көбі үйлеріне барып, келіп жүреді», - дейді аумақтық қорғаныс және мобилизациялық дайындық жөніндегі басқарманың бастығы Мейрамбек Есмағамбетов.
Арнаулы жиынға шақыруға әскери міндеттілер ғана емес, олардың ата-аналары да қолдау білдіруде. Әсери борышын өтеуге шақырылған еріктінің анасы Алмагүл Смағұлова Мемлекет басшысының Жарлығы шыққан кезде қуанғанын айтуда.
«Президенттің әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлығы шыққан соң менің ұлым бірден әскери борышын өтеуді шешті. Осындай қиын сәтте Отанға қызмет ету — әр азаматтың парызы», - дейді ол.
Айталық, арнаулы жиынды өту кезінде әскери міндетті азық-түлікпен, әскери кимімен, жеке қорғаныс бұйымымен толық қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, мамандандырылған қызметтің сарбаздарына еңбекақы төленеді.