Ақмола облысында 6 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жыл ішінде айтулы бағдарлама аясында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты нығайтуға, білім және денсаулық салаларына, жергілікті автомобиль жолдарын ретке келтіруге ерекше назар аударылатын болады. Бұл мақсатқа 5,6 миллиард теңге қаржы қарастырылып, 134 жоба жүзеге асырылмақ. Оның 1,9 миллиард теңгесі облыстық бюджеттен ескеріліп отыр. Жыл ішінде 82 шақырым жолды қалпына келтіру, 13 елді мекенде сумен қамту жұмыстары жалғастырылады. Оның сыртында денсаулық саласында - 29, білім беру басқармасында 25 нысанды күрделі жөндеу жұмыстары жүзеге асырылады. Бұланды ауданнындағы қарттар мен мүгедектер әлеуметтік-емдеу мекемесі, Степногор қаласындағы Бөгенбай батыр атындағы дарынды балалар спорт мектеп-интернаты, Атбасар қаласындағы жасөспірімдер спорт мектебі күрделі жөндеуден өткізіледі.