ІІД баспасөз қызметінің дерегі бойынша қайғылы оқиға 1 наурыз күндізгі сағат 15:00 шамасында Целиноград ауданының Қажымұқан ауылында болған.
«Өз үйінің ауласында «кавказ» тұқымды итімен ойнап жүрген 6 жасар баланы ит талап тастады. Бүлдіршін алған дене жарақатынан көз жұмды. Иттің баланың отбасына тиесілі екені анықталды», - деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.
Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты соттық-медициналық сараптама тағайындалып, ҚР ҚК 104 бабының 1 бөлігі бойынша сот алды тергеу шаралары қолға алынды.