КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Ақбота» балабақшасы есігін айқара ашты.
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Астрахан ауданының Старый Колутон ауылында «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде пайдалануға берілген балабақша бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары үшін үлкен сый болды. Балабақша 60 балаға арналған және мұнда олардың тәлім-тәрбие алуына барлық жағдай жасалған.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.