Ақмола облысында 700-ден астам пиротехникалық өнім тәркіленді
Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылдың 15 желтоқсаны мен 2021 жылдың 7 қаңтары аралығында облыс аумағында «Пиротехника» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз әкелу, өткізу және пайдалану жағдайларын анықтау және жолын кесу мақсатында қолға алынған шараға Ақмола облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері, Жергілікті полиция қызметі басқармасының және облыстық ТЖД азаматтық қорғау қызметінің өкілдері қатысуда.
«Акция барысында полиция қызметкерлері 350 рейдтік іс-шара өткізіліп, жеке және заңды тұлғалардың пиротехникалық бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану және тасымалдау ережелерін сақтауы бойынша 95 базар, 869 дүкен және басқа да сауда орындары тексерілді», - деді ведомстводан.
Рейд кезінде ҚР ӘҚбК 196 бабы «тауарларды және өзге де заттарды заңсыз саудалау» бойынша 52 азамат әкімшілік жауапқа тартылып, 758 пиротехникалық өнім тәркіленді.