Департамент басшысының айтуынша, сырқаттанушылық Аршалы және Зеренді аудандарында бір жағдайдан, Көкшетау қаласында 3 жағдай тіркелген. Балалар арасында бруцеллез жағдайлары тіркелген жоқ.
«Екі жағдайда бруцеллезбен ауырған үй жануарымен байланыс себеп болған, ал қалған үш жағдайда инфекция көзі анықталмады. Дегенмен, сатып алынған ет және сүт өнімдерін тұтыну дерегі бар», - деді Айнагүл Мусина.
Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері атап өткендей, биылғы 6 айда бруцеллез белгілері байқалған 607 ірі қара мен 86 қой-ешкі анықталды. Бұл жануарларымен байланыста болған 590 адам, оның ішінде 11 бала тексерілді.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысындағы ауыл бруцеллезге байланысты карантинге жабылғанын жазған едік.