Ақмола облысында 800-ден астам адам құтқарылды, оның 92-сі - бала

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қаңтардың 26-29 аралығында болған боран кезінде құтқару жұмыстарының қорытындысы шығарылды. Бұл туралы брифингте Ақмола облысы бойынша ТЖД бастығы Алексей Советов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТЖД бастығы атап өткендей, ағымдағы жылдың 24 қаңтарында департамент ауа райының күрт бұзылатындығы туралы ескерту ақпарат алды. Жалпы, 20-31 қаңтар аралығында 41 SMS хабарлама жіберілді, оның 56-і «Darmen» мобильдік қосымшасы арқылы.

«Боран кезінде жолда қар құрсауында қалған 845 адам (оның 92 бала) және 593 техника (6 жедел жәрдем көлігі) құтқарылды. Сондай-ақ, 1446 адам (оның 131-сі - бала) қауіпсіз жерге көшірілді. Жылыну орнына 2181 адам (оның 129-сы - бала) орналастырылды. Ерейментау ауданында - 90 адам, Бурабай ауданында - 107, Атбасар ауданында - 18, Целиноград ауданында - 812, Астрахан ауданында - 4, Сандықтау ауданында - 2, Есіл ауданында - 10, Аршалы ауданында - 3, Қорғалжын ауданында - 115, Шортанды ауданында - 35 және Степногор қаласында- 16 адам жылыну бекетіне жайғасқан», - деді А. Советов.


Соңғы жаңалықтар