Ведомствоның мәліметінше, оқиға 14 қаңтарда Жарқайың ауданының Нахимовка ауылында болған. Полиция қызметкерлері анықтағандай, бейтаныс ер адам жағыз тұратын 86 жастағы кейуананың үйіне терезені бұзып кіріп, пышақпен қорқыту арқылы 120 мың теңге қаржысы мен азық-түлігін тартып алып кеткен.
«Полиция қызметкерлері екі апта бойы кешенді жедел-іздестіру шарасын қолға алып, нәтижесінде бұрын сотты болған жергілікті 28 жастағы тұрғынды ұстады», - деді ведомстводан.
Қазіргі кезде, күдікті қамалып, оның үстінен ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігі бойынша (қарақшылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Аслан Оспанов.