Ақмола облысында 88 ұйым «Ashyq» көшбасшылары тізіміне енді
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Ashyq» көшбасшысы» мәртебесін беру үшін жобаға қатысушылардың тізімін әкімдік анықтайды. Олар екі апталық кезеңдегі QR-код (check-in) бойынша келушілерді тіркеу саны арқылы анықталады.
«Қоғамдық тамақтану нысандарының тізіміне: «The Best» кофеханасы, «Алдар көсе» дәмханасы, «Атажұрт» мейрамханасы, «Қоғамдық тамақтандыру 24» кіреді.
Демалыс нысандарының тізіміне: «Зерен-Нұр» санаторлық-сауықтыру кешені» - Зеренді ауданы, «Discovery-Borovoe» оңалту сауықтыру орталығы» - Бурабай ауданы, «Beibarys» демалыс базасы-Аршалы ауданы, «Балқарағай Кантри Клуб» - Целиноград ауданы.
Сауда-ойын-сауық орталығының тізіміне: Көкшетау қаласындағы «РИО» сауда ойын-сауық орталығы кіреді.
Сондай-ақ, «Ashyq көшбасшылары» тізіміне мыналар кірді: Көкшетау әуежайы, Көкшетау станциясының теміржол вокзалы, облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар) Nomad – Бурабай ауданы», - деді ведомстводан.