КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 92 мың жұмыс орны сақталады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің Ақмола облыстық филиалында өткен баспасөз мәслихатында аталған облыстың әкімі Сергей Кулагин мәлім етті.
«Бүгінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындармен 5,5 мыңнан астам үшжақты меморандумдар бекітілді. Бұл өз кезегінде 92 мың жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік береді»,-деді әкім.
Оның айтуынша, «Жұмыс қамту жол картасы» бағдарламасымен биылғы жылы жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасынан 3 мыңнан астам адам қамтылады. Бұл тұрғыда 3,7 млрд. теңге бөлінді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.