Ақмола облысында 9915 адам «Pfizer» вакцинасының бірінші компонентін алды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 9915 адам Comirnaty «Pfizer» вакцинасының бірінші компонентін алды. Бұл туралы брифингте өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №2 қаулысына сәйкес, вакцина алатын адамдар контингенті кеңейтілді. Яғни, 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, жүкті әйелдер – жүктіліктің 16 -дан 37-ші аптасына дейін, лактация кезеңіндегі әйелдер-босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін) 2 жасқа толғанға дейін, сондай-ақ бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, Comirnaty «Pfizer» вакцинасының бірінші дозасын алғандар вакцинациядан өте алады. Бұдан бөлек, медицина қызметкерлеріне, 50 және одан жоғары жастағы адамдарға, сондай-ақ бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедек адамдарға «Pfizer» Comirnaty вакцинасын қолдана отырып КВИ-ге қарсы ревакцинация жүргізуге жол беріледі», - деді А.Мусина.

Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің айтуынша, өткен жылдың 22 қарашасынан бастап аймақта 99980 адам ревакцинация алды, бұл тиісті халықтың 46,5 пайызы құрады, оның ішінде 4766 адам Comirnaty «Pfizer» (2080 медицина қызметкері, яғни 50 жастан асқан 2351 адам) вакцинацияланды.

«Бүгінгі таңда облыста QazVac, Vero Cell, V спутнигі және Comirnaty «Pfizer» вакциналарымен ревакцинациядан өту мүмкіндігі бар. Ақмола облысында Comirnaty «Pfizer» вакцинасының бірінші компонентін 9915 адам алды, оның ішінде 250 жүкті, 2469 бала емізетін әйел, 7185 жасөспірім. Вакцинаның екінші дозасын 7563 (11,4 пайыз) алды. Вакцинаға жағымсыз реакциялар тіркелмеген», - деп түйіндеді А.Мусина.

Еске сала кетсек, 2022 жылғы 2 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы бірінші компонентпен 9 394 344 адам, екінші компонентпен 9 010 266 адам вакцинацияланды.