Мәлік Ахметқалиевтің айтуынша, халық арасында құқықтық мәдениетті көтеріп, жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында өткізілетін марафон биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Аталмыш шара облысымыздың барлық өңірлерін қамтып, Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, яғни ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында қорытындысы шығарылмақ. Марафон қорытындысына сай, шараға белсене қатысушылар арнайы марапаттармен марапатталатын болады.
«Жемқорлыққа қарсы марафонға барлық жергілікті әкімдіктер мен қоғамдық ұйымдар, «Нұр Отан» партиясының филиалдары, жастар ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысады. Әрбір өңірде марафонды өткізуге байланысты іс-шаралар жоспары дайындалып, жұмыстарды соған сай жүргізу жоспарланған. Өңірлерде жүргізілген жұмыстардың қорытындысына сай арнайы бейнефильмдер мен фотогалереялар дайындалатын болады», деді М.Ахметқалиев.