Оның мәліметі бойынша қазіргі кезде облыстың солтүстік, оңтүстік-батыс және батыс аудандарында жылдағы нормадағыдай қар түсті. Оның ішінде Сандықтау ауданында 58 пайыз, Атбасарда-8,8 пайыздан астам, Есілде-145 пайыз, Жақсыда-1,4 пайызға жоғары, Жарқайыңда-23,6 пайызға жоғары, Бурабайда-64,6 пайызға жоғары, Көкшетауда-42,7 пайыз.
Дегенмен, 25 наурыздағы өлшемге қарағанда облыс бойынша қардың орташа қалыңдығы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46 пайыздан кем, сондай-ақ, қардағы судың мөлшері де 45 пайызға кем екені анықталды.
Наурыз-сәуір айларында циклон және антициклондардың әсерінен ауа райы күрт өзгеруі мүмкін.
«Осы айда жауын-шашын нормадан көп болады деп күтілуде. Кейбір жерлерде жауын-шашын, көктайғақ болып, тұман түседі. Шығыстан соққан желдің қарқыны алғашқы онкүндіктің бірінші жартысы мен ортасында секундтына 15-20 метрге дейін, ал үшінші онкүндікте оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел тұрады», деді Б. Мақажанова.
Қазіргі кезде, Ақмола облысы бойынша алдағы бір аптаның ауа райы болжамы жасалды. Осыған сәйкес, (90 пайыз дәлдік) облыс аумағында ауа температурасы (-4 градус) өз нормасы шамасында болады.