Ақмола облысында «Ashyq» жобасына қатыспайтындарға шектеу енгізілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнгүл Мусинаның «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы» жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған сәйкес, жүйелі жүрмейтін қалалық туристік тасымал қозғалысын тоқтатады. Бұл талаптың «Ashyq» жобасына қатысатын Көкшетау қаласындағы субъектілерге қатысы жоқ.

Сонымен бірге, азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды, сондай-ақ уақытша егу пунктері ұйымдастырылған объектілерді (вакцина алу үшін алдын ала жазылу шартымен) қоспағанда, сенбі және жексенбіде ауданы 1000 шаршы метрден артық сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының, азық-түлік емес дүкендердің (қойма үй-жайларынсыз жалпы ауданы ескеріледі) жұмысы тоқтатылады.

Бұдан бөлек, балалар ойын алаңдары мен аттракциондардың қызметіне тыйым салынады.

Ал, келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге 4 шаршы метр әлеуметтік қашықтықты сақтаған жағдайда, сағат 22:00-ге дейін жұмыс режимімен сауда, ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен сауда орталықтарының қызметіне рұқсат беріледі.

Қаулы қол қойылған күнінен – 23 сәуірден бастап күшіне енеді.