Ақмола облысында ауылдық округтер әкімдерінің қызметін автоматтандыру бағдарламасы пилоттық режімде іске қосылды
«Бағдарламаның басты мақсаты - ауылдық округтерде тұратын жұмыссыздарды, аз қамтылған азаматтар мен жалдамалы жұмыскерлерді есепке алу.
Бағдарлама арқылы ауылдық октугтердегі жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, аз қамтылған азаматтарды, жалдамалы жұмыскерлерді есепке алуды жүйелендіру; еңбек ресурстарының теңгерімін құру; тұрғындардың мақсатты топтарын жұмыспен қамтуда қолдау шараларын анықтау; ішкі еңбек көші-қонын анықтау; өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтарды нысандау; жеке қосалқы шарушылығының бар-жоқтығы туралы мәліметтерді жүйелендіру сияқты міндеттер шемімін табады.
Бұл бағдарлама әрбір мақсатты топ бойынша жұмыспен қамтуда нақты іс-шаралар қабылдауға мүмкіндік береді», - деп жазылған хабарламада.
Ақмола облысының Аршалы ауданында бағдарлама пилоттық режімде сынақтан өткен соң оны республиканың барлық өңірлерінде енгізу мәселесі қарастырылады.