ІІД баспасөз қызметінің дерегі бойынша оқиға 25 наурызда Бұланды ауданының Вознесенка ауылында болған. Зардап шегушінің айтуынша, белгісіз біреулер үй ауласында тұрған көлікті зақымдап, салон ішіндегі жеке заттарын үптеп кеткен.
«Көліктердің иесіне жарты миллион теңге көлемінде шығын келтірілді. Оқиға орнына жеткен полицейлерге қылмыстын із суытпай ашу мүмкін боламады. Дегенмен, кешенді түрде жүргізілген жедел-іздестіру шарасы барысында көп ұзамай Макинск қаласының екі тұрғыны ұсталды», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігі бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізілуде.