Ақмола облысында ауызсу мәселесі қалай шешілуде - министрдің жауабы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында Көкшетау, Щучье қалаларының, Көкшетау аумағындағы ілеспе елді мекендерінің тұрғындарын қажетті мөлшерде және кепілді сапада ауыз сумен қамтамасыз ету көзделген. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова Ақмола облысының жұртшылығы және үкіметтік емес ұйымдарымен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Су шаруашылығы саласында халыққа ауыз суды үздіксіз беру мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан «Көкшетау топтық су құбырын қайта жаңарту, құрылыстың үшінші кезегі. Төртінші көтеру сорғы станциясынан жетінші көтеру сорғы станциясына дейінгі учаске (бірінші кезең)» жобасы іске асырылуда. Бұл нысанды салудың мақсаты Көкшетау, Щучье қалаларының, Көкшетау аумағындағы ілеспе елді мекендерінің тұрғындарын қажетті мөлшерде және кепілді сапада ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады», - деді журналистермен өткен брифингте Зульфия Сүлейменова.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі атап өткендей, 3-кезекте IV көтергіш сорғы станциясынан VII көтергіш сорғы станциясына дейін су құбырының бірінші желісін салу көзделген.

«Жобаны осы жылы аяқтау жоспарланған. Бұл жобаны іске асыру 2 АЕМ-ні (СНП) қамтамасыз етуге және 7 АЕМ-нің (СНП) 179,6 мың халқын сапалы ауыз сумен жақсартуға мүмкіндік береді», - деп толықтырды министр.