«Ақмола облысындағы туризм инфрақұрылымдарын дамыту мәселесін талқыладық. Атап айтқанда, автокемпингтерге арналған алаңдар (барлық инфрақұрылымдарымен) бөлуді жоспарладық»,- деп жазды М. Иғали Facebookтегі өзінің парақшасында.
Сондай-ақ ол жексенбіде өңір басшысының қатысуымен Ақмола облысындағы туризмді дамытудың жол картасына байланысты ұсыныстар да талқыланғанын хабарлады.
«Brainstorming - туризм проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік туғызады. Талқылауға қатысқандар осыған байланысты бірнеше нұсқаларды ұсынды», -дейді әкімнің кеңесшісі.
М. Иғали аймақ тұрыңдары мен туристерді жол картасын жасақтауға атсалысуға шақырды.
«Достар, өздеріңізге кездесіп отырған көкейкесті мәселелерді және Ақмола облысында туризмді дамыту бағытындағы ұсыныстарыңызды жолдаңыздар»,- деп жазды ол.