Ведомствоның дерегі бойынша, өңірде некеге отырғандардың жалпы санының жартысынан астамы ажырасып кеткен екен. Мәселен, 2018 жыл ішінде 4640 жұп некесін қидырса, оның 2441-ә ажырасқан.
«Азаматтық хал-актілері жазбасы мәліметіндегі бір жағымды жаңалық, сәбилердің туу көрсеткіші алдыңғы жылға қарағанда, 4 пайызға артып, өлім саны керісінше 1 пайызға кеміген. Сөйтіп, өткен бір жылдың ішінде облыс тұрғындарының саны 3994 адамға көбейген. Тек еліміздің Тәуелсіздігі күні мерекесінде ғана 48 қыз бала мен 45 ұл бала дүниеге келген», - дейді ведомстводан.
Сонымен қатар, тіркеуші органдар жаңа туған сәбилердің арасындағы ең көп таралған есімдер Арлан, Әмір, Ислам болса, қыздар арасында Айзере, Мәдина, Әмина есімдері жиі кездесетінін айтады.