Облыс әкімі жергілікті атқарушы органдарға мәселені түбегейлі шешу үшін мемлекеттік-жекешелік жобаларға бизнес құрылымдарын тарту жұмыстарын белсендіруді тапсырды.
«Ең алдымен облыс орталығын балабақшалармен қамту керек. Мұнда мектепке дейінгі кезекте 3 мыңға жуық бала тұр. Сонымен қатар, қалада балала туу көрсеткіші артқан және ішкі өңірлік миграция жоғары», - деді Мәлік Мырзалин.