КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қорғалжын ауданында тəуелсіздіктің 25 жылдығына арналған балғындар арасында бокстан турнир өтті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі, аудан əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Турнирге 2003-2008 жылдар аралығында 68 жас спортшылардан құралған 6 команда қатысты. Ақтық сайысқа бокстан екі дүркін əлем чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы, кикбоксингтен еңбегі сіңген спорт шебері Нұрболат Рысмағанбетов жəне əлем чемпионы Іляс Сүлейменов қатысып, балғындардың шеберлігін тамашалады.
Жеңімпаздар арнайы диплом жəне медальдармен марапатталды.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.