«Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасы оқушылар үшін танымдылығы мол шара. Өйткені, балалардың есте сақтау қабілеті жақсы. Балалар көргенін есінде сақтайды. Сондықтан, балаларға ел тарихы бойынша танымдық шаралар өткізу маңызды.
Ақмола облысы көрікті жерлерге бай. Айталық, бір ғана Бұланды ауданында 31 тарихи және 84 жергілікті мақсаттағы ескерткіштер бар. Балуан Шолақтың жерленген орны осы аудан аумағында. Каникул кездерінде Бұланды ауданының көрікті жерлері мен тарихи ескерткіштерін мыңнан астам оқушы барып көрді. Сонымен қатар, өзге аудандардағы киелі жерлер де назардан тыс қалған жоқ. Бурабай ауданындағы Кенесары үңгірі, Абылай хан тағы, Зеренді ауданындағы Уәли хан және Жақсы ауданындағы Баубек батыр мазары сияқты тарихи орындар оқушылардың сүйікті орнына айналып отыр.
Киелі орындарға мектеп оқу
Ал, тамыз айында ақмолалық 70 оқушы Қызылорда облысының Қорық ата мемориалдық кешені, Байқоңыр ғарыш айлағы тәрізді танымал орындарына саяхат жасады. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасын табады. Келер жылы ақмолалық оқушылар Батыс Қазақстан облысына сапарға шықса, Ресейдің Омбы облысындағы этникалық қазақ балалары Ақмола облысына келеді. Бұл дегеніміз, Ақмола облысында киелі жерлер географиясы шеңберінде балалар туризмінің қарқынды дамып жатқанын білдіреді. Балалар Ақмола облысының көрікті, тарихи-мәдени орындарын ғана емес, ну орманы мен асқарлы таулары, айдын көлдері мен мөлдір бұлақтарын да тамашалай алады. Бұл олардың Отанға деген махаббатын қалыптастырып, халқымыздың тарихы, ана тілі, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігін оятады.