Ақмола облысында барымташылар тобы қару-жарағымен қолға түсті

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Соғым» жедел-іздестіру шарасы барысында 4 адамнан тұратын барымташылар тобы қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Соғым» жедел-іздестіру шарасы барысында Целиноград аудандық ІІБ қызметкерлері 1979, 1989, 1987 және 1994 жылғы төрт жігітті қолға түсірді. Оның ішінде 1989 жылғы ер ер адам осыдан 4 жыл бұрын ҚР ҚК 175-бабы бойынша сотты болған. Тексеріс барысында олардың 6 рет мал ұрлау қылмысына қатысы бар екені анықталды. Сондай-ақ, олардан «Тайота-Превия» көлігімен, 12 калибрлі МР-153 және 5 атарлы мылтық пен оқ -дәрі алынды. Қазіргі кезде, күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, ҚР ҚК 182-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, олардың осындай өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар