Басқарма басшысының мәліметінше, қазір өңірдің білім беру мекемелерінде оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ақмола облысында оқушыларды тамақтандыру барлық жалпы білім беретін мемлекеттік мектептерде ұйымдастырылады.
«Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының шешімімен бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз етуге қосымша 1,4 млрд теңге сомасында қаржы бөлінді. Осылайша, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық бастауыш сынып оқушылары, бұл дегеніміз 59 мыңнан астам бала облыс мектептерінде тегін тамақтанатын болады», - деді Шоқан Оразалин.
Сонымен бірге, басқарма басшысы атап өткендей, биыл 1 шілдеден бастап өңірде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы мектеп жасына дейінгі балалар тегін тамақтанып жатыр.
Айта кетсек, бұдан бұрын биылдан бастап аутизмге шалдыққан балалар санаторийде тегін демалатынын жазған едік.