Кəсіпорынның ашылу рәсіміне қатысқан аймақ басшысы Мəлік Мырзалин зауыт ұжымын ҚР Тұңғыш Президенті күні жəне кəсіпорынның ашылуымен құттықтай келе еңбектеріне табыс тіледі.
Кəсіпорынның бас директоры Жасұлан Мұхаметжанның айтуынша, жобаның жалпы құны - 6 миллиард 771 миллион теңгені құрап отыр. Зауыттың іске қосылуы 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Жобаның өңірдің индустриялық дамуына ғана емес, сонымен қатар қаланың және жақын елді-мекендердегі әлеуметтік мәселелерді шешуге оң әсерін тигізетінін сеніммен айтуға болады.
Қазіргі заманғы қондырғылар мен озық технологиялармен жабықталған кәсіпорын бүгін алғашқы өнімін шығара бастады. Базальт тастарынан алынатын минералды мақта негізіндегі құрылыс материалының артықшылығы жылу, дыбыс, ылғал, жел өткізбейтіндігінде. Сондай-ақ, экологоиялық таза, отқа жанбайды.