Ақмола облысында бір адам суға кетіп, үшеуі құтқарылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында демалыс күндері бір адам суға кетіп, үшеуі құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қайғылы жағдай демалыс күндері Зеренді ауданының Қызыл кордон ауылында болған. Онда құтқарушылар су айдынынан 1988 жылғы ер адамның денесін жағаға алып шықты. Марқұм тыйым салынған жерде шомылған және үстінде құтқару құралы болмаған», - дейді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомстводан атап өткендей, сонымен қатар Бурабай көлінде катамаранның техникалық ақауы салдарынан жағадан алыстап кеткен үш адам құтқарылды.

Осыған байланысты Ақмола облыстық ТЖД қызметкерлері тұрғындарға өзен-көлдерге шомылу кезінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.