Ақмола облысында бір отбасы: екі ересек адам мен бір бала газ иісіне тұншығып көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Атбасар қаласында 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде қатты отынмен жағылатын пештің түтін тартпауы салдарынан иіс тиіп, 43 жастағы ер адам, 35 жастағы әйел және 12 жастағы бала көз жұмды.

Тағы бір 12 жастағы бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.