Ақмола облысында бөдененің жұмыртқасындай бұршақ жауды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданы аумағында бөдененің жұмыртқасындай бұршақ жауды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Күндізгі сағат 16:00-17:00-дерде жауған бұршақтан Щучинск қаласындағы бірқатар тұрғын үйлер мен автокөліктердің терезелері сынған.

Тұрғындардың айтуынша, бұршақтың ірілігі бөдененің жұмыртқасындай болған. Бұршақтың соңы жаңбырға ұласқан. Әзірге, адамдардың зардап шеккендігі туралы мәлімет жоқ.