КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бұланды ауданында Боқсық өзеніне суға батып кеткен 27 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.
«Келеңсіз жағдай 9 тамыз күні таңғы уақыт 10:40 минут шамасында Бұланды ауданының Журавлевка селосында орын алған. Ауыл маңынан ағып өтетін Боқсық өзеніне мас күйінде шомылмақ болған 1988 жылғы ер адам П.Дубинский суға батып кеткен. Іздестіру шарасына ТЖД «жедел іздестіру жасағы» ММ-нің жеке құрамынан 5 адам және 1 суда жүзу құралы тартылып, сол күні кешкі 19:00 минут суға батып кеткен ер адамның денесі жағаға шығарылды», - деп көрсетілген хабарламада.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.