Ақмола облысында болған өрт 46 жастағы әйелдің өмірін қиып кетті

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногор қаласында 12 қабатты тұрғын үйдегі пәтерден өрт шықты.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 3 арнайы техника тартылды.

Оқиға орнынан 1969 жылғы әйелдің денесі табылды, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.