Ақмола облысында бұрқасынға байланысты жолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 10 желтоқсанда сағат 12.30-дан бастап ауа райының нашарлауына (күшті жел, қар, жолдың дұрыс көрінбеуі) байланысты көліктің барлық түрі үшін 'Жақсы-Есіл-Бұзылық' (0-82), 'Қостанай-Әулиекөл-Сұрған' (232-260) 'Жезқазған-Петропавл' (377-595) жолдары жабылды.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.