Ақмола облысында дауыл электр бағандарын құлатып кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Бурабай ауданында табиғаттың тосын мінезінен зақым келген электрмен қамту желілері қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше Бурабай ауданында дауыл тұрып, жаңбырқұйды, бұршақ жауды. Жұлқына соққан жел Щучинск қаласының мешітінің алдындағыэлектр бағанасына зақым келтірді.

«31 шілде күні соққан дауыл салдарынан Щучинскқаласында электрмен қамту желілеріне зақым келді. Соған байланысты Бурабай жәнеБіржан сал аудандарының бірнеше елді мекені жарықсыз қалды. Оларды қалпынакелтіріп жатыр, қазір Щучинскіде электрмен қамту сымдары қалпына келтірілді.Жарықсыз қалған ауылдарға да электр беріледі», - дейді Бурабай ауданы әкіміаппаратының ТЖ жөніндегі маманы Ғалым Хасенов.


Оның айтуынша, қалпына келтіру жұмыстарына 25адам жұмылдырылған.

Бурабай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметініңмәлімдеуінше, ауданның Мәдениет, Воробьевка ауылдары, «Щучинский» шипажайы, сондай-ақкөрші отырған Біржан сал ауданының Жаңауыл, Әндіқожа батыр, Тасшалқар, Жүкей,Үлгі ауылдары жарықсыз қалған.

Дауылдан зақым келген ауылдарда жедел жәрдеммен полиция қызметкерлері, құтқарушылар кезекшілік атқаруда.


Автор: Оксана Матасова