Ақмола облысында егін орағы аяқталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында барлығы 4,4 миллион гектар егіс алқабында күзгі жиын-терін жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, облыс диқандары 5,2 миллион тонна астық жинады. Бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 17 пайызға көп. Облыс бойынша әр гектардан орташа 11,2 центнерден астық алынды.

«Биылғы жыл егіннің пісіп-жетілуі үшін қолайсыз болды. Осыған қарамастан диқандар агротехнологиялық шаралар мен егін орағы жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастыру арқылы мол өнім алып отыр. Биылғы көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда анағұрлым жоғары, бидайдың 95 пайызы 3-сыныпқа жатады. Бұдан бөлек, астық қабылдау кәсіпорындарына түскен 70 пайыз бидайдың желімтегі 30 пайыздан асады. 2019 жылы бұл көрсеткіш небәрі 12 пайызды құрады», - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаев.

Биылғы егін орағы кезінде жиналған астық жалпы сыйымдылғы 4,2 миллион гектар болатын 65 астық қабылдау орындарына тасымалданып жатыр. Сондай-ақ, келер жылдың егісі үшін 6,6 миллион тоннадан астам тұқым құйылды.