КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді ауданына қарасты Құркөлде екі адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлердің дерегі бойынша, қайғылы оқиға 2 мамыр күні болған. Өрт Айдарлы ауылынан 4 шақырым жердегі Құркөл көліне жақын маңда орналасқан күзетші қосынынан шыққан. Ол балық шараушылығымен айналысатын кәсіпкерге тиесілі.
«Өртенген күзет қосынынан 63 жастағы күзетші мен 42 жастағы тағы бір ер адамның мәйіті табылды», - деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Сарапшылар өрттің төсеніштен шыққанын анықтады.
Иллюстрациялық фото
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.