Өңірде «Сарыарқа» магистральды газ құбырының құрылысы бойынша жол картасы әзірленді. Мамыр айында облыстық бюджеттен газ тарату желісін әзірлеу үшін 100 миллион теңге бөлініп, «Қызылорда – Астана» газқұбырына жақын орналасқан елді мекендерге қатысты жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленді.
Аршалы ауданындағы 17 елді мекенге: Анар, Донецкий, Түрген, Бірсуат, Байдала, Аршалы, Ақбұлақ, Ақтасты, Ижевский, Шөптікөл, Бабатай, Арнасай, Волгодоновка, 42-разъезд, Қойгелді, Жалтыркөл, Жібек жолы ауылдарына газ тарту үшін 56,1 миллион теңге бөлінді.
Ал, Целиноград ауданы Талапкер, Қоянды және Шұбар ауылдарына 43,9 миллион теңге көзделген.
Сонымен қатар, Целиноград және Аршалы аудандарында 151 мың тұрғыны бар 44 елді мекенге газ тарту қарастырылған. Құрылыс жұмыстарының «Астана – Көкшетау» аумағындағы газ тартудың екінші кезеңі 2022 жылы қолға алынбақшы.