Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын насихаттау, жастардың еңбекке жетелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мақсатында өткізілді.
Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының мәліметінше, байқау жыл сайын елімізде өткізіліп тұрады. Биыл карантиндік шаралардың қолданылуына байланысты іс-шараның республикалық кезеңі кейінге қалдырылды. Байқауға қатысуға 18 қатысушы өтінім берді. Мемлекеттік мекемелер, аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен құралған комиссия мүшелері байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады.
«Үздік еңбек әулеті» аталымы бойынша Атбасар ауданының Плаксиндер әулеті жеңіп алды.
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» аталымында Щучинск қаласының №11 IT - мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айман Әбдрахманова бірінші орынды иеленді.
«Өндірістің үздік жас маманы» аталымы бойынша «Степногорск Теплотранзит» ЖШС 5 - разрядты бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика бойынша слесарі Татьяна Крылышкина жеңімпаз атанды.
«Біздің еңбек әулетіміздің «Еңбек жолы» байқауында жеңіске жеткеніне өте қуаныштымын. Біздің әулеттің жалпы педагогикалық өтілі 97 жылды құрайды. Атбасар №3 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін. Менің атам мен анам осы мектепте 40 жылдан астам уақыт еңбек етті», - дейді әулеттің өкілі Юлия Плаксина.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.