Оқиға орнына келген құтқарушылар ер адамды жағаға апарып, жедел жәрдем келгенге дейін жүрекке массаж жасау арқылы алғашқы медициналық көмек көрсетті. Өкінішке қарай, оны құтқару мүмкін болмады.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыстың тұрғындары мен қонақтарына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.
Айта кетейік, бұған дейін Бурабай көліне батып кете жаздаған әкелі-балалы екі ер адам құтқарылғанын жазған едік. Екатеринбургтен келген туристер қатты желдің кесірінен SUP-тақтасынан ауып, суға құлап кеткен. Туристерді жергілікті құтқарушылар құтқарып, жағаға шығарған еді.