Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, Степногор қалалық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
«Сот анықтағандай, азамат М. өзінің әкесіне балағат сөздер айтып, оны қорлап, үй тыныштығын бұзған. Осы қылығы үшін әкесі ұлын сотқа берген. Кейін сотта әкесі мен ұлы татуласып, медиативтік келісім ұсынып, іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады. Сот қаулысымен медиативтік келісім бекітіліп, әкімшілік іс бойынша тоқтатылды», - делінген баспасөз парағында.