Ақмола облысында ер адам суға кетті
10:18, 27 Қараша 2014
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ерейментау ауданында 46 жастағы ер адам суға кетті. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
Келеңсіз жағдай 26 қараша күні сағат 16:36 шамасында болған. Ер адам Новомарковка селосы арқылы ағып өтетін Селеті өзеніне батып кеткен. Суық суға шомылуды әдетке айналдырған 1968 жылғы Ж.Әлімов абайсызда су ағып кеткен.