КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында су сорғысын жөндемек болған ер адамды тоқ соғып, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, ер адамның мерт болғандығы туралы Целиноград аудандық ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарлаған.
«Жедел тергеу тобы анықтағандай, 1988 жылғы ер адамға су сорғыны жөндеу кезінде тоқ соққан. Осы дерекке байланысты сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапқанын жазған.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.